Сейсенбі, 04 қараша, 04:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Өрт қауіпсіздігін сақтау – басты талап

03.11.2025

67 0

Облыс бойынша өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігін сақтау бағытында тұрғындар арасында кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сақтық шараларын уақытында қолға алу төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асхат Оразбеков хабарлады.

– Орын алып жатқан көптеген оқиғалар тұрғындардың өрт қауіпсіздік шараларына салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, электр желілерінің қысқаша тұйықталуынан пайда болуда. Осыған байланысты әр аптаның сәрсенбі, жұма және сенбі күндері облыс бойынша департаменттің және полиция департаментінің қызметкерлерімен, қоғамдық бірлестіктердің волонтерлермен бірлесіп жылу беру маусымы кезеңінде өрттің пайда болуын, адамдардың қаза болуын және жарақат алу қауіп-қатерін азайту мақсатында профилактикалық жұмыстары атқарылуда. Барлығы 21 855 тұрғын үй секторының ауласы араланды. Тұрғындармен 161 рет кездесу ұйымдастырылып, соның ішінде электр және газ баллон жабдықтарын, пешті және газ пештерін орнату, қолдану туралы өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп қамтылды,- деді Асхат Плалұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: