Бейсенбі, 08 қаңтар, 21:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

Өрт сөндірушілер түтінге толған үйден жеті баланы құтқарып қалды

07.01.2026

82 0

Сурет: Zakon.kz

Талдықорғанда өрт сөндірушілер түтінге толған бес қабатты тұрғын үйден сегіз адамды, оның ішінде жеті баланы аман алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметінше, 2026 жылғы 7 қаңтарда Қаратал шағынауданында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шыққан. Өрт бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде тіркеліп, соның салдарынан кіреберіс тез арада қою түтінге толған.

«Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері жедел жетті. Құтқару жұмыстары барысында автосатының көмегімен жоғарғы қабаттардағы пәтерлердің терезелері арқылы сегіз адам құтқарылды, олардың жетеуі – балалар», – деп хабарлады ТЖМ.

Зардап шеккендер жоқ.

Құтқарылғандардың барлығы сақтық шарасы ретінде қосымша медициналық тексеруден өту үшін Талдықорған қаласындағы көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: