Өскеменде пакетке оралып, ағашқа асылған адамға ұқсас зат тұрғындардың зәресін ұшырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде тараған фотодан қала көшелеріндегі ағаштардың біріне ілінген, қара түсті пакетке оралған, адамға ұқсас белгісіз дүниені көруге болады.
Қаладағы кафелердің бірінің қызметкерлері Хэллоуин мерекесіне орай қаланы осылай безендірмек болғандары анықталды. Тұрғындардың зәресін алған “әшекей” алынып тасталған.
Сонымен қатар ерекше идеяның авторлары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 30 АЕК немесе 110 760 теңге айыппұл салынды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!