Сәрсенбі, 17 қыркүйек, 13:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№70, 2183
16.09.2025
PDF мұрағаты

Өскеменде жаңа трамвайлар іске қосылды

17.09.2025

41 0

Фото: Өскемен қаласының әкімдігі

Өскемен қаласында жолаушыларды тасымалдауға арналған жаңа трамвайлар іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шаһар үшін үш заманауи вагон сатып алу – маңызды қадам. Қазіргі таңда паркте 23 трамвай бар, алайда олардың жартысы ғана жұмыс істейді. Жылжымалы құрамның тозу деңгейі 90%-ға жеткен, көптеген вагондар 40 жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Соңғы рет паркті жаңарту 2023 жылы жүзеге асқан болатын, сол кезде Беларусь өндірісінен төрт трамвай алынған.

Көлік тапшылығы тұрғындардың трамвайға деген сұранысына да әсер етті: 2017 жылы ай сайын 500 мыңнан астам адам пайдаланса, бүгінде бұл көрсеткіш екі есеге азайған. Қазір қала трамвайлары күніне шамамен 9 мың жолаушыны тасымалдайды.

Жаңа вагондар заманауи талаптарға сай жасалған: оларда кондиционерлер, күшейтілген пештер, орташа едендік конструкция бар. Парк басшылығының айтуынша, жаңарту сапарды ыңғайлы етіп, жолаушылар сенімін қайта оралуға ықпал етеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: