Өзбекстан билігі су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан халқына гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы Өзбекстан премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
«Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтілді. Ірі габаритті 15 жүк көлігінде азық-түлік, әйелдер, балалар және ерлердің сыртқы киімдері, көрпе, жамылғы, жастық, гигиеналық құралдар, арнайы құрал-жабдықтары бар шатырлар, резеңке қайықтар жинақтары және басқа да қажетті тауарлар бар», – делінген Өзбекстан үкіметінің хабарламасында. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/2088242-ozbekstan-su-tasqynynan-zardap-sekken-qazaqstandyqtarga-komek-ziberdi/
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!