Сейсенбі, 26 қараша, 09:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Өзекті мәселелер шешімін табуда

05.09.2023

594 0

Өткен аптада «AMANAT» партиясының қалалық филиалында Қызылорда қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Әбдіғабит Әбләзім алдағы жоспар мен өзекті мәселені айтты.

Әбдіғабит Әбләзім № 7 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты болып сайланғалы Бәйтерек шағын ауданы мен Қызылжарма ауылдық округіндегі өзекті мәселелердің шешімін табуына ықпал етіп келеді.

Мәселен, Байтерек шағын ауданының өзекті дәрігер­лік амбулатория ғимараты салынып, бала­лар ойын алаңын жаңғыртып, жаңа мектептің айналасы көгалдандырылды. Одан бөлек шипажай салу және көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.

Биыл Бәйтерек шағын ауданындағы 7 көшеге асфальт төселген. Оның  ұзындығы 11,8 шақырымды құрайды. Одан бөлек Қызылжарма су арнасынынң жиегінде орналасқан көшенің жолы жөнделді.

Жоспар бойынша алдағы жылы Бәйтерек шағын ауданындағы 1-ші кіре берісіндегі  нөмірі 9, 14, 29, 31, 36, 46 тұйық пен Байтерек көшесінің 8/а, 25, 32, 34, 43, 47, 59, 61,  және Байтерек 4-ші 31,61,79 көшелеріне қосымша қиыршық тас төсеу жоспарланған. Осы көшелерге жол құрылысын салу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, ұсыныс берілген.

Одан бөлек шағын аудандағы 2-ші кіре беріс жолға, яғни мектеп орналасқан көшеге жарық бағаналарын орнату үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, республикалық бюджеттен қаржы қаралған. Сондай-ақ Бәйтеректегі Қызылжарма арнасы арқылы өтетін Достық көшесінен жаңадан салынып жатқан көпірге дейін жол жөндеу жұмыстары қаралуда.

Аталған Қызылжарма арнасы арқылы Достық көшесіне өтетін аспалы көпірдің бүгінде құрылысы жалғасуда. Жуырда оны ел игілігіне бермек.

Сондай-ақ    шағын аудандағы 33-ші көшенің аяғына Қызылжарма арнасы арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін салу көзделіп отыр. Негізі бұл тұстан көпір салу қарастырылмаған. Алайда тұрғындардың сұранысы бойынша бүгінде жоспарға сәйкес «Қызылжарма» арнасы арқылы өтетін автомобиль көпірінің қосымша құрылысын салуға ұсыныс қаралған. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сатып алу байқауы жүргізілуде.

Биыл төселген жолдың 17 көшесіне жарық бағаналарын орнату жұмыстары келер жылға жоспарланған. Сонымен қатар шағын аудандағы 2-ші кіреберісте орналасқан мектептің көшесіне де жарық бағаналарын орнату жұмыстары қарастырылған. Қазір жоба-сметалық құжат­тары әзірленіп, республикалық бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс берілген.

Қазіргі таңда «800 бас» ауданда орналасқан үйлерде электр жүйесі, ауыз су, газ жеткізу мәселесі қаралуда. Сонымен қатар Бәйтерек 1,3,4 көшелеріне балаларға ойын алаңын салу жоспарлануда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: