Дүйсенбі, 25 қараша, 13:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Өзіне қол жұмсамақ болған 19 жастағы жігіт суға секіріп кеткен

21.08.2023

603 0

Шығыс Қазақстанда 19 жастағы жігіт көпірден секіріп кетпек болған, – деп хабарлайды Massaget.kz

Оқиға 20 тамызда болды. Төтенше жағдай департаменті құтқарушыларына Ертіс өзеніндегі автожол көпірінен жігіт секірмек болғаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына жедел түрде ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының бөлімшесі жіберілген. Санаулы минутта қайықпен жеткен құтқарушылар көпірде полиция қызметкерлері жігітті райынан қайтармақ болып тұрған кезде кенет оның суға секіріп кеткенін көрген.

«ТЖ қызметкерлері оған құтқару шеңберін лақтырған, алайда жігіт оған қарамаған. Сол кезде олар қайықпен жанына келіп, судан алып шықты», – делінген хабарламада.

Құтқарушылар оны жағалауға жеткізген соң жедел жәрдем дәрігерлеріне тексеру үшін табыстады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: