Сәрсенбі, 03 шiлде, 16:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Өзіңді қорға, айналаңа қамқор бол!

14.04.2021

2043 0

Қазіргі кезде әлем елдері қиын кезеңді бастап өткеруде. Коронавирус инфекциясы жаһанды шарлап, халықтың денсаулығы мен өміріне айтарлықтай қауіп төндіріп отыр. Мұндай жағдай біздің елімізден де айналып өткен жоқ. Қауіпті кеселден қорғанудың қарапайым қағидалары бар. Сақтық шараларын сақтанған адам өзін және жақындарын індеттен қорғай алады.

Ең алғашқы кезекте бетперде тағу керек. Бетперде тығыз, табиғи (мақта, т.б.) өнімнен жасалған, бірнеше қабаттан тұратын, мұрын мен иекке мықтап жанасатын болуы тиіс. Бетперде бірреттік, сонымен қатар көпреттік болуы да мүмкін.

Мұнан соң әлеуметтік арақашықтықты сақтау аса маңызды. АҚШ-та әлеуметтік қашықтық шараларын сақтану мен вирустың таралу арасындағы байланысты табуға бағытталған зертеу жүргізілген. Сол зерттеу қорытындысы бойынша, көп адамдар шоғырланған орындарға (кафе, сұлулық салоны, т.б.) барудың 50%-ға азаюы вирустың таралу дәрежесінің 45%-ға төмендететіні анықталған.

Сонымен қатар, қолды кем дегенде 20 секунд сабынмен жуып тұру, сонымен қатар өзіңізбен бірге кемінде 70 процент этанолы бар антисептик ұстап жүру керек.

Салауатты өмір салтын ұстанған адамның денсаулығы да мықты болады. Яғни спортпен шұғылданып, дене шынықтыру жаттығуларын жасау керек. Клиникалық зерттеулерге сүйенсек, күнделікті қалыпты деңгейде спортпен шұғылдану, жоғарғы тыныс жолдарының инфекция симптомдарының көріну ұзақтығын орта есеппен 40-50 процентке төмендетеді. Дұрыс тамақтану және толық, қанық ұйқы да маңызды рөл атқарады. Ең бастысы – вакцина салдыру. Вакцина егу арқылы ұжымдық иммунитеттің пайда болуына үлес қосасыз. Вакцина – өзіңізді қорғау арқылы басқа адамдардың әл-ауқатына қамқорлық жасайтын әрекет.

Жазира АБЕНОВА,

Облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: