Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ол – Қызылорданың құрметті азаматы

20.09.2022

863 0

Қас-қағым сәтті тұтас бір ғұмырға айналдырған белгілі фототілші Болат Омарәлиевті Сыр жұртшылығы, одан қала берді республика халқы жақсы біледі. Саналы ғұмырының жарты ғасырға жуық уақытын фотоөнерге арнаған ол аймақтың фотошежіресін жасады десек, артық айтқандық емес.

Жуырда фотожурналистиканың кәні­гі кәсіби маманы Болат Омарәлиев­ке «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Бұл марапатқа Қазақстанның құрметті журналисі, ардагер-фототілші Болат Шамаұлын облыстық қоғамдық даму басқармасы ұсынды. Елден бірінші болып сүйінші сұраған да осы басқарманың басшысы Мира Қазбекова.

– Фотожурналистиканың кәнігі ма­маны Болат Омарәлиевтің есімі бүгінде республикаға мәлім. Талантты фотографтың әр туындысы Сыр өңірі тарихының қазынасы деп бағалауға болады. Қас-қағым  сәттерді мәңгілік мұраға айналдырған Болат ағамызға бүгін «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Б.Омарәлиевті осы мерейлі марапатқа облыстық қоғамдық даму басқармасы ұсынған еді. Сыр журналистикасы үшін бұл – үлкен мақтаныш. Болат Шамаұлының уақыт өткен сайын абыройы асқақ­тап, тұлғасы биіктей беретініне, фото­суреттері қазақ халқының құнды жәді­гері ретінде бағасы арта беретініне сенімдіміз. Ақсақалдың еңбегін бағалап, ұсынысқа қолдау білдірген Қызылорда қаласының әкімдігіне, қалалық мәслихат депутаттарына қаламгер­лер атынан зор ризашылық білді­реміз, – деді қо­ғамдық даму басқар­масының басшысы фейсбуктегі парақшасында.

Сырдың бас шаһарының құрметті азаматы атанған белгілі фототілші Болат Омарәлиев 1948 жылдың 15 қара­шасында Сырдария ауданының Қоғалы ауылына қарасты Ызакөл деген жерде дүниеге келген. Еңбек жолын аудандық «Сырдария» газетінде бастаған ол 1969 жылдан 2014 жылдың желтоқсанына дейін облыстық «Сыр бойы» газетінде фото­тілшілік қызмет атқарды. Бөкең «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Қазақ әдебиеті» ұйымдас­тырған фотоконкурстардың лауреаты болды. Бұдан бөлек Ресейде, Польша­да, Украинада фото көрмелері өтті. Кезінде Ресейдің «Известия» газетінде, «Советское фото» журна­лын­да сурет­тері берілді. 1989 жылы фототілші­лердің Мәскеуде өткен съезіне Қазақстан атынан қатысты. Жиырмаға жуық кітаптарға еңбектері жарияланды.

Жуырда ғана фото көрмесі өткен ағамызды жаңа марапатымен, Қызылорда­ қаласының құрметті азаматы атануы­мен құттықтаймыз.

А.БЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: