Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауапта ішкі көші-қонның көрсеткіштерін атады, – деп хабарлайды KAZINFORM
– Ұлттық статистика бюросының 2025 жылдың 9 айдағы деректері бойынша 1 326 мың адам қоныс аударды. Оның ішінде облыстар арасында 619 мың адам қоныс аударған. Бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңінен 22,7% жоғары (1 080 мың адам). Бүгінде ерікті түрде қоныс аудару тетігі оңтүстік өңірлерден солтүстік өңірлерге еңбек ресурстарын қайта бөлуге және жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған негізгі шаралардың бірі болып тұр. Мәселен, бағдарлама басталған кезден бері солтүстік өңірлерге 66,2 мың адам қоныс аударды. Оның 3,6 мың адамы немесе 6%-ы қайтып оралды, — деп жазылған ресми мәліметте.
Министрліктегілер миграцияны реттеу шаралары халық азайып жатқан өңірлердегі көші-қонның теріс сальдосын бәсеңдеткенін айтады.
– Қоныс аудару бойынша қабылданып жатқан шаралардың арқасында қоныс аудару өңірлерінде көші-қонның теріс сальдо деңгейін 2019 жылмен салыстырғанда 36%-ға немесе-19 мың адамға (-53 мың адам) төмендетуге мүмкіндік туды, — делінген жауапта.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
