Бейсенбі, 19 маусым, 12:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

Оқушы суға кетсе, мұғалім жауап бере ме?

19.06.2025

72 0

Мәжіліс кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалім тек балаға білім берумен айналысуы тиіс екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жақында Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев 9-сынып оқушысы суға кетіп қайтыс болғаннан кейін, мұғалімдерді рұқсат етілмеген жағажайларда рейд жүргізуге тартуды ұсынған еді. 

Алайда бұл бастама еңбек демалысында жүрген ұстаздар арасында наразылық туғызған.

Кеше Мәжіліс кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осы мәселеге қатысты пікір білдірді. 

– Мұғалім – мұғалімдікпен, яғни балаға білім берумен айналысуы керек. Бұл заңмен бекітілген. Сондықтан кейбір әкімдіктердің заңды белден басып, мұғалімдерді өзге жұмыстарға тарту мәселесін тоқтатуы керек, – деді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: