Жұма, 31 қазан, 20:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82,2194
29.10.2025
PDF мұрағаты

Оқушылар бейнеролик байқауына қатысты

31.10.2025

58 0

Қызылорданың студенттері мен оқушылары есірткіге қарсы бейнероликтер әзірлеу байқауына қатысты.

Қызылорда облысының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткіге қарсы бейнероликтер байқауын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – халықтың назарын салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігіне аудару, бос уақытты тиымды пайдалану және жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

Байқауға жалпы орта білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен оқу орындарының студенттері қатысты. Білім бөлімдерімен 17 үздік жұмыстар екінші турға жіберілді. Құрамына полиция қызметкерлері, «Қызылорда еріктілері» қорының, «Жастар спорттық туризмі және туристік көпсайыс» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері кірген сайыстық комиссия 12 жұмысты атап өтіп, оның 4-ін үздік деп таныды, олар: Сырдария ауданы N37 мектеп-лицей, Қызылорда қаласы N4 мектеп-лицей, Қызылорда қаласы N176 орта мектеп, Қазалы ауданы N204 орта мектеп.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: