Жұма, 19 қыркүйек, 18:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№71, 2184
19.09.2025
PDF мұрағаты

Оқушылар ұялы телефон қолданудан бас тартты

19.09.2025

52 0

Енді Түркістан қаласындағы бірқатар мектепте оқушылар сабақ барысында ұялы телефон қолданбайды. Қалалық білім бөлімінің «Смартфонсыз мектеп» жобасы ата-аналардан бастап, ұстаздар мен балалардан да қолдау тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектепке келген әр сыныптағы оқушыларға телефон сақтайтын қорапша әзірленген. Білім алушылар телефонды сабақтан тыс, үзілістерде пайдалана алады. Яғни сабақ біткеннен кейін және сабақтан тыс уақытта оқушы өзінің ұялы телефонын алып, ата-анасына хабарласа алады.

Оқушылар сабақ барысында мұғалім берген материалды толық меңгеріп, өзінің білімін шыңдауы қажет. Мамандар бұл қадамның басты мақсаты – білім сапасын арттыру, оқушылардың ойлау қабілеті мен психологиялық денсаулығына оң әсер ету екенін айтады.

Осындай нақты ережелер мен бақылау шараларын енгізу смартфондардың білім беру ортасына тигізетін зиянын азайтып, сапалы білім мен тәрбиеге назар аударуға ықпал етеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: