Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 07:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Оқушылар жаппай төбелес ұйымдастырған

11.04.2024

679 0

Сурет:massaget.kz

Ақтауда оқушылар жаппай төбелес ұйымдастырып, бір-біріне тас лақтырған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Полиция департаменті өкілі жағдайға пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Кадрларда мектеп формасын киген балалар бір-біріне тас лақтырып, шабуыл жасауға тырысатыны көрінеді.

«Ақтаудағы дарынды балалар көшеде тас лақтырып, жаппай төбелес ұйымдастырды», – деп жазды видео авторы.

Полиция бұл оқиғадан хабардар екенін, оған қатысқан барлық адам анықталғанын айтты.

«Төбелеске қатысушылар Ақтау қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: