Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуді үйлестіруге арналған жиын өтті

11.04.2024

811 0

Ағымдағы оқу жылында облыс бойынша 87 331 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 9 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде әлеуметтік осал топқа жататын бала саны 35 067 болса, 1-4 сыныпоқушылар саны 52 264.

Осы орайда «Amanat» партиясының облыстық филиалында жалпы білім беру мекемелерінде білім алушыларды «Ыстық тамақпен» қамтамасыз етуді үйлестіру сапасын тиісті деңгейде ұйымдастыруға арналған оқу өткізілді.

Оқу шарасында бала құқығы және тағам сапасы жайында облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жапырақ Ұзақбаева,  бракераждық комиссия қызметін ұйымдастыру, бас тарту журналдарын жүргізу бойынша  білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеметтік қорғау бөлімінің басшысы Шолпан Жунисова,  Білім және ғылым министрлігінің № 598 бұйрығының талаптары және оның жиі кездесетін бұзушылықтары туралы «Әділдік жолы» Республикалық ҚБ облыстық филиалының басшысы Ләззат Бақтыбаева және оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастырудың рұқсат етілген шарттары туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары Ерлан Ұзақбаев, білім беру және тәрбиелеу обьектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Алмаш Шуахбаева жан-жақты түсіндірмелер жүргізді.

Аталмыш іс-шараға ZOOM платформасы арқылы қатысқан облыстағы барлық білім беру ұйымдарының директорлары мен олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, медбике мен өнім берушілерге облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлері оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, оқушылар арасында топтасқан тағамнан улану жағдайларының алдын алу, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бірқатар нормативтік құжаттар бойынша ақпараттар берді.

Ерлан Ұзақбаев

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: