Дүйсенбі, 03 наурыз, 14:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16,2129
01.03.2025
PDF мұрағаты

Оқушылардың біртүрлі ойыны құзырлы мекемені аяғынан тік тұрғызды

02.03.2025

65 0

Фото: Pixabay. com

Әлеуметтік желіде Талдықорған қаласында оқушылардың мектеп дәретханасында түсірген видеосы пайда болды. Видеода балалар түрмедегі жағдайды сипаттайтын ойынды ойнап, әдепсіз әрекеттер жасайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған куә желідегілер мұны оқушының біріне жасалған зорлық-зомбылық деп бағалап, уәкілетті органдарды жағдайды түсіндіруге шақырды. Жетісу облысының білім басқармасы бұл видеоны Абай атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушылары түсіргенін мәлімдеп, болған оқиғаның егжей-тегжейін анықтауға уәде берді:

Жағдай бақылауға алынды. Мән-жайларды анықтау үшін мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен және ата-аналармен жұмыс жүргізіледі. Сонымен қатар, мектепке құқық қорғау органдары мен тиісті құзыретті мекемелердің мамандары тартылады, кешенді тексеру шаралары ұйымдастырылады.

Сондай-ақ оқу орнында қорқытып-үркітудің алдын алуға, тәртіптік бақылауды, сондай-ақ балалар арасындағы тәрбие жұмысын күшейтуге уәде берілді.

Полиция желіде жарияланған видеодағы барлық мектеп оқушыларын анықтап, олармен профилактикалық әңгіме-дүкен жүргізді. Оқушылар мұның жәй ойын екенін айтқан. Алайда, осындай жағдайлардың ықтимал салдарын ескере отырып, олармен алдын алу шаралары жүргізілді, – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары мектеп оқушыларының ата-аналары тәрбие міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Өңірдегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ермек Егінбаев та мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, мұндай ойындарды ойнауға болмайды.

Аталған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында білім беру ұйымының әкімшілігімен, мұғалімдермен және ата-аналармен жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар, мектепке құқық қорғау органдары мен тиісті құзырлы мекемелердің мамандары тартылып, тексеріс ұйымдастырылды. Үш ата-анаға қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігімен хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, үш кәмелетке толмаған мектепішілік есепке алынды. Оқушылардың айтуы бойынша олардың арасында ойын-қалжың болған, ешқандай қысым, күш көрсету болмаған. Алайда бұндай ойынға жол беруге болмайды. Осы мақсатта, мектепте мұғалімдер мен психологтар тарапынан қандай тәрбиелік жұмыстар жүргізіліп жатқанын, мектепте буллингтің алдын алу шаралары, психологиялық қолдау жұмыстары мен тәртіптік бақылау жүйесі қандай жағдайда екенін анықтау мақсатында мектепке барып құжаттарын көріп, мектеп оқушыларымен кездесуді жоспарлап отырмын, – дейді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: