Жұма, 20 маусым, 19:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

Оқушыларға қандай жұмыс істеуге тыйым салынады?

20.06.2025

63 0

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, бұл мәселеде заңнама шеңберінде жүзеге асырылуы және олардың денсаулығына, оқуына және дамуына зиян келтірмеуі тиіс екенін есте сақтау маңызды. Бұл жөнінде aqshamnews.kz хабарлайды.

ҚР Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес:

14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істемеуі тиіс;
16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін бұл шектеу — аптасына 36 сағаттан аспауы қажет.
Кәмелетке толмаған жаспен еңбек шарты жасалғанда ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі міндетті түрде қажет.

Заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандарды келесідей жұмыстарға тартуға тыйым салынады:

түнгі уақыттағы жұмыс (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін),
үстеме жұмыс,
вахталық әдіспен жұмыс істеу,
қоса атқарылатын жұмыс
жұмыс уақытының жиынтық есебімен жүргізілетін еңбек.


– Әрбір бала қанаудан аулақ болу және денсаулығын сақтау үшін өз құқықтарын білуі маңызды. Сондай-ақ, олардың заңды құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету — ересектердің міндеті. Балалар еңбегін заңсыз пайдалану елеулі құқық бұзушылық болып табылады. Ал жұмыс берушілер тіпті әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Комитет балаларды еңбек қызметінің тыйым салынған түрлеріне тарту фактілері анықталған жағдайда бұл туралы еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторға, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе 111 бірыңғай байланыс орталығына дереу хабарлау қажет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: