Сәрсенбі, 26 ақпан, 15:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15,2128
25.02.2025
PDF мұрағаты

Оқушыны аяусыз ұрып-соққан жеткіншектердің әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылды

26.02.2025

101 0

Фото: видео скриншот

Семейде қатарластарын аяусыз соққыға шыққан жасөспірімдерге қатысты комиссия шешім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Семейде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, жасөспірімдердің қатарластырын ұрып-соғу оқиғасы қаралды.

Отырыс нәтижесі бойынша оқиға қатысушылардың барлығын оқшаулау және психологтармен жұмыс істеу үшін девиантты мінез-құлықтары бар балаларға арналған арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылданды.

«Комиссия үш ата-анаға қатысты ата-ана құқығынан айыру туралы ұсыныс жасады, сондай-ақ бір қамқоршыға қатысты екі баланы қамқорлықтан айыруды ұсынды. Барлық материалдар сотқа жіберілді, сотта соңғы шешім қабылданады. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот жасөспірімдердің арнайы мекемеде болу мерзімін анықтап, ата-ана құқығынан айыру туралы соңғы шешім шығарады», – делінген полиция хабарламасында. 

Абай облыстық полиция департаменті жасөспірімдердің әрекетіне қатысты тергеу басталғанын атап өтті. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: