Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Оранған қыздардан көңілім қалды»: белгілі әнші Бақыт Шадаева 

14.08.2023

594 0

Белгілі әнші Бақыт Шадаева Nege.kz сайтына берген сұхбатында хиджаб киген қыздарға бірнеш рет алданып қалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Өнерде жүрген біраз жастардың алды дінге келген соң сахнаны харамға санай бастады. Бұған не дейсіз?” деген сауалға өнер иесі: “Су ішкен құдығыңа түкірме» деген бар. Егер сахнаны харамға баласа, өздері сол харамнан шыққан жоқ па?! Талантты Құдайдың өзі берсе, ол қалай харам болады? Нағыз харам – ол екіжүзділікте. Үлкен еңбекпен жеңіске қол жеткізген адам әр жетістігінің қадірін біледі. Қазіргі жастардың еш нәрсенің қадірін білмей, таңдауынан танып шығатыны – барлығына оңай қол жеткізгенінде. Дипломды сатып алған адамның мамандығына адал болуы екталай. Ал нағыз әртіс өнерге ынты-шынтысымен ұзақ жылдық дайындықпен келеді. Ондай жандар сахнадан сүйресең де кетпейді”, – деп жауап берді. 

Әнші хиджаб киген қыздарға сенуден қалған.

“Шынымды айтсам, өз басым хиджап киген қыздардан көңілім қалған.  Адал болар деп, оранғандан талай үй тазалаушы алып, тақырға отырып қалдым. Ата-бабаларымыз да намаз оқып, құлшылық етіп өтті ғой. Бірақ «жан баласына адал бол», «ешкімнің ала жібін аттама» деп, ар мен ұжданды, ел мен жерді алға қойған жоқ па? Түбі осылай кете берсек Ауғанстанның күйін кешеміз бе деп қорқамын. Одан да оқып біліп алып, өнер үйреніп, ғылым мен технологияның көзін тауып, алға жылжудың қамын ойластырайық”, – дейді Бақыт Шадаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: