Түркияның оңтүстігінде біраз уақытқа созылған аптап ыстықтан кейін нөсер жауын жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Бүгін таңертеңнен бері Анталияның кей аудандарында жаңбыр жауып өтті. Қала көшелері мен провинцияның жан-жағын су алып кетті.
Ұзаққа созылған ыстық пен қуаңшылықтан кейін қала тұрғындары таңғы нөсерге дайын емес еді, сондықтан таңертең жұмысқа бара жатып, жауын астында қалған халық аялдамаларды паналауға мәжбүр болды.
Бір жақсысы, бұл жаңбыр орман өрті жалғасып жатқан аймақтарда жауды. Өрттен әбден қалжырап, бойын үрей жайлаған халық жауынға керісінше қуанды.
Түрік метеорологтарының айтуынша, өңірде ауа райы бұлтты, тағы нөсер жаууы ықтимал.
Кешке қарай Манавгат, Гүндоғмуш және Алания аудандарында жаңбыр болуы мүмкін.
Ертеңнен бастап ауа температурасы қайтадан 38 градустан жоғары көтеріледі.
Еске сала кетейік, Түркияда бір аптадан астам уақыттан бері орман өртін сөндіру жалғасып жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!