ІІМ ресми ресурсы Астанада орынсыз пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынған хабарлады, – деп хабарлады kursiv.media.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау барысында ер адам қорқынышты костюм киіп, лифт істен шыққандай етіп көрсетіп, қызды әдейі шошытқан видеоны анықтаған.
Оқиға бойынша 26 жастағы қала тұрғыны полицияға жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынған.
Полиция мұндай «әзілге» жол берілмейтінін еске салып, азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтап, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!