Дүйсенбі, 25 қараша, 22:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Отаным – мақтанышым, отбасым – тірегім» атты кездесу өтті

21.10.2022

822 0

25 қазан – Республика күніне орай Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Жас отбасылармен кездесу өтті. Шараға облыстың әр ауданынан келген үлгілі жас отбасылар, аналар кеңесінің белсенді мүшелері, облыстағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова, Қызылорда облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі, облыстық қоғамдық даму басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Әйгерім Алиева қатысты.

«Отаным – мақтанышым, отбасым – тірегім» тақырыбымен өрбіген шараның шымылдығын Аналар кеңесінің төрағасы Рахима Ахметова ашып, ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап, қатысушыларға ізгі лебізін білдірді.

 Шараның алғы сөзі Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Айбек Дайрабайға берілді.

-Адал еңбегінің арқасында нәпақасын тауып, түрлі салада қызмет етіп, отбасының берекесін арттырып отырған жандарды дәріптеу, насихаттауды  ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында тапсырған болатын. Осы ретте Аналар кеңесі ауқымды жұмыстар жүргізіп келеді. Әсіресе шалғай ауылдардан шығып, өз күшімен, білімімен, ана тәрбиесінің нәтижесінде  үлкен жетістіктерге жеткен жандардың аналарын елге танытуда елеулі жұмыстарды атқаруда. Біздің өңірлік Аналар кеңесінің бастамасымен қолға алынған өнегелі аналарға «Ел анасы» номинациясын табыстау рәсімі жуырда Республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында үлгі ретінде жалғасын тапты. Сыр аналарының жұмысына оң баға берілді.

«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасының негізгі бағыттарының бірі де осы. Нағыз ел аналарын насихаттау. Ендігі кезекте бұндай жұмыстар республика көлемінде жалғасын таппақ, – деп атап өтті.

Мерекелік кездесуге облыстың барлық аудандарынан және Байқоңыр қаласынан үлгілі жас отбасылар қатысып, арнайы дайындаған бейнероликтерін көрсетті.

Мұнан соң ардақты ана, аяулы әже Ұлбосын Бекмағамбетова, Сырдария, Қазалы, Жаңақорған ауданынан келген жас отбасы мүшелері сөз сөйлеп, отбасы құндылықтары, оның қадірі мен қасиеті туралы мағыналы дүниелерді айтты. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі. Әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін туабітті қасиеттер сияқты ұлттық рухани  құндылықтарды да алдымен отбасындағы тәрбиемен сіңіретіні анық. Ендеше ұлттық тәрбие ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі болмақ деген орамды ойлары мен пікірлерін ортаға салды.

Мерекелік кездесуде «Қуаныш» әжелер ансамблі, №140 орта мектептің ұстаздары мен Ж. Нұрманов атындағы №198 орта мектептің оқушылары, бір отбасының балалары Адина мен Алина әсем әнді әуелетіп, кештің көркін қыздырды.

Шара соңында отбасы құндылықтарын берік сақтап, өзгелерге өнеге болып жүрген  жас отбасылар марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: