Жұма, 22 қараша, 04:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Отбасы күніне арналған лекторий өтті

16.05.2023

1029 0

Қызылордада Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде «Отбасы мектеп» штабы жұмысы аясында «Ата ақылы – асыл мұра» тақырыбында ер балаларға арналған лекторий өтті.

Қызылорда облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, облыстық ардагерлер кеңесі, қалалық білім бөлімі, Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебі, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің бірлескен шарасының басты мақсаты – отбасы мүшелері арасындағы сыйластық, үлкенді құрметтеу, ананы сыйлау, әкені қадір тұту, сүйіспеншілік құндылықтарды қалыптастыру. Оқушыларға отбасының ұйытқысы, негізгі тірегі ата мен әке екенін дәріптеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты игерту.

Танымдық шараға қатысушылар бірінші бөлімде «Green study» жылыжай ғылыми-зерттеу орталығы, “Метеорология» тәжірибелік-зерттеу алаңымен танысты.  Екінші бөлімде «Ата сөзі –ақылдың көзі» тақырыбында облыстық ардагерлер кеңесі мүшелерімен тәжірибе алмасты. «Ұлыдан ұлағат – ұрпаққа аманат» атты отбасы мектеп штабы мүшелерінің сынып сағаты ұйымдастырылды. «Парасатты отбасы» жобасы аясында «Әке – дара тұлға» тақырыбымен лекторий өтті. Сонымен бірге, «Менің өмірімдегі мақал-мәтелдер» мен «Ұлы тұлғалардың нақыл сөздері» жобасының тұсау кесері болды.

Шарада әр сала мамандары өз ой-пікірлерімен бөлісті. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, «Отбасы мектеп» шатыбының мүшесі Нұрсәуле Мұсаева елдің болашақ қорғандары ер азаматтарға өз аналық тілегін айтып өтті.

«Баланың жеке тұлға болып қалыптасуын  қамтамасыз етуде ата-ана мен мектептің  арасындағы  қарым–қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін  бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау, отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешу бағытындағы «Отбасы мектеп» штабының жұмысы ауқымды. Осы ретте Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің директоры, Аналар кеңесінің мүшесі Айгүл Нәжмадинқызы мен мектеп ұжымына ризашылығымды білдіремін. Бүгінгі шарада жас ұрпаққа айтарым, ең бастысы тәрбие. Орынды тәрбие арқылы адам баласының тағдыры шешіледі. Біз үйде тоғыз бала болып өстік. Әкем бізге әрдайым адал, еңбекқор, мақсатшыл болыңдар деп айтатын. Қазіргі технология заманында барлығы бар, тек тәлім-тәрбиедегі бір жүйелілік жетіспейді. Елдің берік тірегі сіздердің қолдарыңызда. Себебі біздің болашағымыз сіздермен байланысты. Әрбір жасаған дүниелеріңізбен ата-аналарыңызды, жақындарыңызды қуанта жүріңіздер»,- деді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: