Сейсенбі, 09 қыркүйек, 22:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№68, 2181
09.09.2025
PDF мұрағаты

Отбасын құруға дайындық жұмысы жүргізілді

09.09.2025

59 0

Отбасы орталығында отбасын құруға ниеттеніп  жүрген жастар мен жас отбасыларға арналған арнайы кездесу өтті. Аталған іс-шараның мақсаты – жастарды отбасылық өмірге дайындау, отбасылық құндылықтарды түсіндіру. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, психологтар мен дәрігерлер қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар жас отбасылар арасында өзекті мәселелерге тоқталып, келеңсіздіктердің алдыналу жолдарын түсіндірді. Іс-шараның шымылдығын отбасын қолдау орталығының кеңес беру және кешенді сүйемелдеу бөлімінің басшысы Еркін Сыздық ашып, жас отбасыларға кеңес берді.

Отбасын жоспарлау – тек медициналық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік, психологиялық әрі мәдени тұрғыдан да маңызды. Жоспарлы түрде құрылған отбасы – дені сау ұрпақтың дүниеге келуіне, материалдық әрі рухани тұрақтылықтың қалыптасуына ықпал етеді. Осы ретте психолог Индира Қаниева жас отбасыларға арнайы тренинг өткізіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті.

– Бақытты отбасы өзімізден басталады. Әйелдер эмоцияға жақын келеді. Тез ашуланады, көп ойлайды, күдіктенеді. Мұндай жағдайда үйлесімді өмір сүру қиындайды. Сондықтан құрметті ер азаматтар, сіздердің қолдауларыңыз нәзік жандыларға ауадай қажет. Азаматынан қолдау көрген әйел күйзеліске түспейді, – дейді психолог.

Іс-шара барысында денсаулық мәселесі де басты назарға алынды. Қоғамға дені сау ұрпақ әкелу үшін медициналық тексеруден өту, зияндыәдеттерден бас тарту қажеттігі түсіндірілді.

– Ең алдымен жас жұбайлар медициналық сараптамадан толық өткендері абзал. Бұл тек әйел адамға ғана емес, ер азаматтарға да қатысты. Сондай-ақ некеге дейін кемінде алты ай бұрын темекі мен алкогольден бас тартып, зияндыәдеттерден аулақ болған дұрыс. Тек сонда ғана денісау бала дүниеге келеді, – деді дәрігер Айгерім Ыдырысова.

Сонымен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі де көтерілді.

– Отбасындағы зорлық-зомбылық тек жұбайларға ғана емес, бала психологиясына да теріс әсер етеді. Мұндай жағдайды көріп өскен бала қоғамдағы өз орнын таба алмай, қоғамннан өзін керексіз сезінуі мүмкін. Сондықтан отбасында зорлық-зомбылық орын алған жағдайда оны жасырмай айту қажет, – деді қала әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Айгерім Ерболатқызы.

Кездесу соңында жас отбасылар салтанатты түрде неке қиып, неке куәліктерін қолдарына алды. 

Айдана БАХТИЯР

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: