Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 19:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Отбасында жанжал шығаратындар көше сыпыруы мүмкін

18.10.2022

636 0

 Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейту іс-шаралары әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды www.inform.kz

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейту шаралары әзірленді. Біріншісі – мұндай фактілерді тіркеу бойынша «өтініш беру сипатынан анықтау сипатына» көшу. Бұл – полицияға жәбірленушінің өтініші болмаса да, әкімшілік іс-жүргізуді бастауға мүмкіндік береді. Соңғы шешімді сот қабылдайды», – деді министр.

Оның атап өтуінше, екіншісі – тараптардың татуласуына талапты күшейту. «Жанжалқой» бірінші ретте ғана сотта татуласа алады.

Ал қайталанса мұндай құқық алынып тасталады. Бұл зардап шеккендерге психологиялық қысымды тоқтатуға мүмкіндік береді.

«Үшіншісі – отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар бойынша жазаны қатаңдату. Қайталанған құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік қамауға алудың мерзімін ұзартуды ұсынамыз. Төртіншісі – ол, өздеріңіз білесіз, Конституцияның жаңа өзгерістеріне сәйкес қоғамдық жұмыстарды сот қаулысымен де тағайындауға рұқсат етілді. Осының аясында «ескерту» сияқты жазаны «қоғамдық жұмыстарға» ауыстыруды ұсынамыз. Бұл құқық-бұзушы үшін заңды бұзбауға жеткілікті мотивация болады деп санаймыз. Қазіргі уақытта Әділет министрлігі қоғамдық жұмыстарды заңнамалық реттеу мәселесін пысықтап жатыр», – деді Марат Ахметжанов.

Министрдің сөзіне қарағанда, бесіншісі – ең жиі жасалатын қылмыстар бойынша «отбасылық-тұрмыстық қатынастағы адамға қатысты» деген қосымша саралау белгісі енгізіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: