Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 21:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Пәтер терезесінен бүлдіршін құлап кеткен

12.09.2022

798 0

Қызылорда облысында жыл басынан бері көпқабатты тұрғын үй терезелерінен 9 бүлдіршін құлап, әртүрлі жарақат алды. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы Нұрбол Исанов мәлім етті.

«Ата-аналардан балаларды ересек адамдардың қадағалауынсыз қалдырмауды сұраймыз. Жыл басынан бері көпқабатты тұрғын үй терезелерінен 9 бүлдіршін құлап кетті. Олар әртүрлі жарақат алды. Біреуі балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ем алуда. Осыған орай тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмау, терезе алдына шығармау, басқа да қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз», – деді Н. Исанов.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада ескексіз қайықпен көл ортасында қалып қойған 3 адам құтқарылғанын жазған болатынбыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: