Әділет министрі Қанат Мусин пәтерден заңсыз шығарылған қазақстандықтардың сотта жеңіске жете алатынын айтты. Сөзінше, келісімшарт ауызша негізде жасалса да, тиісті дәлелдерді ұсыну арқылы өз құқығын заңдық негізде қорғауға болады, деп хабарлайды «Хабар 24″ арнасы.
Пәтерде жалға алу – азаматтық-құқықтық мәміле. Мусиннің айтуынша, дау туындаған жағдайда оны сот арқылы шешу керек.
Министр құқық қорғаушыларды дәл осындай жағдайға тап болған қазақстандықтарға қолдау көрсетуге шақырды. Сонымен қатар «119» бірыңғай желісіне қоңырау шалуға болады.
«Жалға беруші пәтер құнын қымбаттата алады, бұл – оның құқығы. Алайда келісімшартта бағаның өсетіні туралы алдын ала ескерту мерзімі көрсетіледі. Бұл тараптарға қатысты заңдық негізде белгіленген талаптар», – деді Қанат Мусин.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!