Жұма, 27 желтоқсан, 05:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Пайдасыз жиналыс, тыңдаулардан жалықтық»: ауыл тұрғындары президент Тоқаевқа тағы үндеу жолдады

26.07.2023

769 0

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылына облыс және республикадан жауапты тұлғалар барып, алтын зауыты құрылысына қарсы маралдылықтармен кездесті. Алайда кездесу қорытындысына  жергілікті жұрттың көңілі толмай отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Маралды ауылының халқы алтын өндіру орнының салынуына үзілді-кесілді қарсы.

«Фабрикаға қарсы болып неше ай болды сандалып жүрміз. Міне, тағы келіп кетті. Келіп кеткен үкімет басшыларынан бізге ешқандай пайда жоқ. Сенуден де қалдық. Тыңдау, жиналыстардан да жалықтық. Бізді тыңдайтын биліктегілердің құлағы керең болып қалған ғой деймін. Облыс әкімін де шақырдық. Келмеді. Ешкімге керегі жоқ боп қалдық. Президентке үндеу жасағымыз келеді – осы мәселені шешіп берсе деп ойлаймыз», – дейді тұрғындардың бірі.

Айта кетсек, бұған дейін Маралдыдағы жергілікті тұрғындар мен алтын зауыты компаниясы күзетшілері қақтығысқан. Қоғамдық тыңдау өтеді деген күні билік тарапынан ауылға ешкім келмей, мұның арты ауыр салдарға апара жаздаған.

Күршім ауданы Маралды мен Үшбұлақ ауылының тұрғындары осы жылдың басында да президентке жүгінген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: