Шымкентте қалалық сәулет, құрылыс және жер қатынастары басқармасы шенеуніктерінің істеріне нүкте қойылды. Басшының орынбасары мен бөлім бастығы сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталды, бірақ сот оларды бас бостандығынан орнына миллиондаған айыппұл салуға үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс мамырда басталды. Тергеу барысында жер учаскесін мемлекеттік алып қою кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлем үшін басқарма басшысының орынбасары мен бөлім бастығының алдын ала сөз байласу бойынша кәсіпкерден бес миллион теңге көлемінде пара алғаны анықталды.
Олардың есімдері айтылмады. Тек мұнда жасалған ауыр қылмыс үшін олар миллиондаған айыппұл төлейтіні белгілі. Сот үкімімен олар қызметінен босатылды.
«Шымкент қаласының сәулет басқармасына қатысты басшының орынбасары мен бастығына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Сәулет басқармасы басшысының орынбасары 50 млн теңге айыппұл, бөлім басшысына 58 млн теңге айыппұл салынды», – деді Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Рүстем Танабаев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!