Сәрсенбі, 15 қазан, 16:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Парламенттік реформа бойынша ұсыныстар eGov және e-Otinish арқылы қабылданады

15.10.2025

148 0

Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, ел азаматтары парламенттік реформаны талқылау мен оны жетілдіруге өз үлесін қоса алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Жұмыс тобының алғашқы отырысында ел азаматтарының Парламенттік реформаны талқылауға қатысуы маңызды екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Жұмыс тобының алғашқы отырысында ел азаматтарының Парламенттік реформаны талқылауға қатысуы маңызды екенін атап өтті. Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік e-Otinish платформасында және eGov сервисінде азаматтардың парламенттік жүйені жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын жинау ұйымдастырылады», деді Ерлан Қарин.

Оның сөзінше, азаматтар «Парламенттік реформа» атты арнайы бөлім арқылы өз ұсыныстарын жолдай алады. 

«Парламенттік реформаны мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог арқылы жүзеге асыру Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарына толық сәйкес келеді», деп атап өтті Мемлекеттік кеңесші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: