Сәрсенбі, 03 желтоқсан, 19:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Парламенттік реформа жөнінде 350-ден астам ұсыныс түсті

03.12.2025

33 0

Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бір палаталы Парламентке қатысты алғашқы ұсыныстар сарапталып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының қазан айында өткен алғашқы отырысында келіп түскен ұсыныстарды жан-жақты қарастырып, парламенттік жүйені жаңғырту жөнінде ұсынымдар әзірлеу керек екенін айтты. Отырыстан кейін алдағы парламенттік реформаға қатысты ұсыныстар жинақтау ісі басталды. Жұмыс тобының мүшелері және Amanat, Ауыл, Respublica, Ақ жол, ҚХП, ЖСДП саяси партиялары өздерінің тәсілдері мен ұсынымдарын жолдады. Бүгінгі таңда E-otinish және E-gov платформалары арқылы азаматтардан, сарапшылардан, қоғам белсенділерінен 350-ден астам ұсыныс келіп түсті, – деді Ерлан Қарин.

Кеше Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Болашақ бір палаталы Парламентті қалыптастыруға қатысты мәселелердің бірінші блогы қаралды:

1. Бір палаталы Парламент құрамындағы депутаттар саны. 
2. Парламент депутаттарына қойылатын біліктілік талаптары. 
3. Парламент депутаттарын сайлау тәртібі. 
4. Жаңа Парламенттің өкілеттілік мерзімі. 
5. Парламенттегі квоталар (президенттік, партиялық тізім).

Екі сағаттан астам уақытқа созылған конструктивті талқылау барысында түрлі сарапшылық көзқарастар мен пайымды пікірлер айтылды.

Отырыста айтылған ұсыныстарды қосымша тағы да егжей-тегжейлі саралап, жүйелеу туралы шешім қабылданды. Жұмыс тобының алдағы отырыстарында парламенттік жүйені жаңғыртудың басқа да бағыттары қарастырылатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: