Бейсенбі, 30 қаңтар, 18:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

29.01.2025

230 0

Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың қатысуымен партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Онда Сайлауалды бағдарламада өткен жылы орындалмаған шаралардың іске асырылуы, партия мүшелері – мемлекеттік орган басшыларының партия алаңында қоғамдық қабылдау өткізуі, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау, ішкі партиялық тәртіпті нығайту мәселелері талқыланып, партияның Қызылорда қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау коммиссиясының 2024 жылғы атқарған жұмысы қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес Жол картаның орындалмаған тармақтары бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары Дастан Баймаханов кеңінен түсіндіріп өтті. Орындалмаған 4 іс-шараның 2-уі ағымдағы жылы іске асырылса, 2-уі бойынша тиісті жұмыстар жасалуда. Атап өту керек, өңірде өткен жылы партиялық бақылау комиссиялары отырыстары мен мониторинг жұмыстары барысында 543 ұсыныс әзірленіп, оның 398 орындалған. Қалғаны жұмыс барысында.

Партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген құрылыс нысандарына жүйелі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, 76 нысанға партиялық бақылау бекеттері орнатылған. Бүгінгі күні олардың 64-і пайдалануға беріліп, қалған 12 нысан халық игілігіне пайдалануға берілгенше партия назарында болмақ.

Жиында сөз алған партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов ағымдағы жылы да жаңа нысандарға партиялық бақылау бекеттерін ашу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, жалпы облыс бойынша партиялық жауапкершілікке тартылған партияластардың болмауы аймақтағы партиялық тәртіптің дұрыстығынан екенін жеткізді. Партия алдында тұрған міндеттерге де тоқталып, комиссия мүшелерін сайлауалды уәделердің орындалуына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

«Біз қазір сайлау кезеңінің орта тұсына келдік. Сондықтан елге берілген барлық уәде орындалуы және олардың қатаң партиялық бақылауда болғаны дұрыс. Партия алаңына келіп мұң-мұқтаждарын айтатын азаматтардың да мәселелерін барынша оң бағытта шешуге жұмыс жасалуы керек»,– деді Алмасбек Есмаханов.

Партияның негізгі міндеттерінің бірі – халық пен билік арасындағы сенімді нығайтып, кері байланыс орнату. Бұл бағытта партияның облыстық және қалалық, аудандық филиалдарында жергілікті атқарушы органдар басшылары арнайы кестеге сәйкес қабылдаулар өткізіп келеді. Кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шаралары ретінде мемлекеттік аппараттың азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасауына назар аударыды. Бұл ретте, тек тыңдап қана қоймай, көтерілген мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізу маңызды екенін ескертті.

Жиында партияның облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Әбдікәрімов хабарлама жасап, азаматтардың ұсыныс – тілектерінің орындалуы мен қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы төңірегінде ақпарат берді.

«2023 жылы өткен сайлауалды үгіт жұмыстары кезінде өңір тұрғындарынан 1223 ұсыныс – тілек түсіп, оның 91-і Парламент Мәжілісіне жолданып, 1132 ұсыныс облыстағы түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарымен тиісті жұмыстар жасалды. Бүгінгі таңда олардың 1044-і орындалып, 88-і бойынша жұмыс жүріп жатыр. Ал 2024 жылы партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтардан 6904 өтініш түссе, оның 5141-і, оң шешімін тапты. 1763 өтініш бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өтінішпен келген азаматтардың саны 2023 жылмен салыстырсақ, 54 пайызға жоғары. Сол секілді оң шешілген өтініштер саны 2023 жылы 71 пайыз болса, ал 2024 жылы 74,4 пайызға орындалды. Бұл жұмыстар жергілікті атқарушы органдар және мекемелермен бірлсекен жұмыстардың нәтижесі»,– дейді Нұрлан Әбдікәрімов.

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Жалпы сайлауалды бағдарламада өткен жылы Қызылорда қаласына қарасты 81 іс- шара жоспарланған. Олар 100% орындалды. 2024 жылы Партиялық бақылау комиссиясының 12 отырысы өтіп, оларда көтерілген 27 ұсыныс та шешімін тапты. Жиында партияның қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мейрамбек Есжанов комиссия мүшелерімен жасалған мониторингтік жұмыстар төңірегінде атап өтті.

«Қалалық Партиялық бақылау комиссиясы мүшелерімен өткен жылы 29 құрылыс нысанына, 6 резонанстық мәселелер бойынша, баға тұрақтандыру бойынша қаладағы дәріханаларға – 5, азық-түлік дүкендеріне – 7, май құю бекеттеріне – 4 рет, «Ауыл аманаты» жобасы аясында іске асқан 11 кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жалпы саны 62 мониторинг жүргізілді. Әрбір мониторинг қорытындысы бойынша комиссия отырысы ұйымдастырылып, тиісті органдарға ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түнгі рейдтік жұмыстар да ұйымдастырылып келеді»,– деді Мейрамбек Есжанов.

Жиын барысында жұмысты жетілдіруге қатысты ұсыныстар ортаға салынып, күн тәртібіне сай партияның облыстық филиалы жанандағы партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары сайланды. Бұл қызметке филиал басшылығының келісімімен облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ержан Искендер лайық деп танылды.

Комиссия отырысына қалалық, аудандық филиалдардың Атқарушы хатшылары мен Партиялық бақылау комиссиялары жетекшілері онлайн режимде қатысты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: