Сәрсенбі, 26 маусым, 17:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50-2060
25.06.2024
PDF мұрағаты

Павлодарда адамды бауыздап тастаған ер адам видеоға түсіп қалды

17.06.2024

595 0

Сурет: Massaget.kz

Павлодар облысында адамды бауыздап тастаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Жантүршігерлік видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Видеолардың бірінде ер адам тұрғынды пышақтап, артынша түк болмағандай орындықта тынығып отырғаны көрсетіледі. 

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасындағылар оқиға орнына медицина қызметкерлері келіп, ер адам қайтыс болғанын анықтағанын айтты.

«16 маусымда сағат 19.23-те ер адам пышақ жарақатын алғаны туралы хабар түсті. Ер адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кеткен», – дейді басқарма өкілдері.

Жергілікті Полиция департаменті күдікті ұсталғанын хабарлады.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұл қылмысқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды», – деді ПД өкілдері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: