Павлодардағы «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Белгілі болғандай, арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жалғасуда.
Шұңқырдың түбіне дейін әлі де 40 метрден астам жолды қазу қажет. Ауыр техника асқан сақтықпен және шұңқырдың бүйір қабырғаларының құлау қаупіне байланысты барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істеуде. Барлығы 90 мың текше метрден астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды, – делінген әкімдіктің ақпаратында.
Іздестіру жұмыстары жалғасуда және тәулік бойы жүргізілуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!