Жұма, 27 желтоқсан, 06:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Педагог мамандығында оқып жүрген студенттердің тәжірибеден өту тәртібі қайта қаралады

15.08.2022

802 0

Педагог мамандығы бойынша университетте оқып жүрген студенттердің мектептерде тәжірибеден өту тәртібі қайта қаралады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәжірибеден бірінші курстан бастап өткізуді ұйымдастырып отырмыз. Бірінші курстан бастап өткені жақсы, бірақ оны өткізу барысына қатысты сұрақтар бар. Мәселен, студент тәжірибеден өзінің туған ауылындағы шағын жинақты мектептен өтуге өтініш білдіреді. Өз кезегінде университет бұл өтінішке келісімін береді. Бұл мектепте тиісті деңгейде тәлім-тәрбие беретін адам бар ма? Өйткені жас маманды кәсіптік тәжірибен екінің бірі өткізе алмайды. Ол жерде қандай әдістер бар, онымен кім қалай жұмыс істейтініне ешкім мән беріп отырған жоқ. Сондықтан туған жеріндегі мектептен тәжірибеден өткен кезде оған тиісті тәлім беретін адам болмаса, одан қандай сапа талап ете аламыз», – деді А. Аймағамбетов Республикалық тамыз конференциясының панельдік сессиясында.

Осы орайда министр бұл бағыттағы тәртіпке қазіргі кезде өзгерту енгізіліп жатқанын айтты.

«Біз жұмыс беруші ретінде тиісті талаптарды қоямыз. Бұл тұрғыда тәжірибені басқаша өткізу керек. Тәжірибеден өте алатын мектептердің өлшемдерін қою ескерілген. Себебі мектепте мұғалімдер мен әдіскерлер бар болса, бұл оқу орнында тәжірибен өтіп, үйренуге болады. Сондықтан университеттерде оқып жатқан студенттердің тәжірибеден өтуге барудың өзі басқаша қаралады», – деді ведомство басшысы.

А.Аймағамбетов жас мамандар мектепте толтырылатын құжаттарды, бағалау жүйесін, яғни оқу орнында реформалар жайында жан-жақты білуі керек екенін атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: