Дүйсенбі, 14 шiлде, 18:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51,2464
12.07.2025
PDF мұрағаты

Перизат Қайрат ісі: судья жаңа үкім шығарды

14.07.2025

85 0

Судья Сабыржан Кәрімов Перизат Кайрат және оның анасының ісі бойынша, БАҚ өкілдерінің сот отырысына қатысуына қатысты шешім шығарды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Астанада Перизат Кайратқа қатысты басты сот отырысы басталды. 

«Басты сот отырысы бейнебайланыс арқылы өтуі мүмкін, ол бойынша шешімді төрағалық етуші шығарады. Сотталушылар Қайрат пен Алашпаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы ашық сотта өтіп жатыр. БАҚ өкілдерінің қатысуы шектелген жоқ. Бүгінде 70-тен астам БАҚ өкілі қатысуға өтініш білдірді», – деді Сабыржан Кәрімов.

Кәрімов сотталушылардың өтініші бойынша сот олардан жауап алу кезінде, оның ішінде айыпталушылар түсініктеме берген кезде, сондай-ақ дәлелдемелерді зерттеу кезінде құпия ақпарат болуы мүмкін болғандықтан, сот талқылауының жариялылығын шектеу туралы шешім қабылдағанын еске салды.

«Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 366-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотталушылар сот отырысының кез келген уақытында айғақ бере алатындықтан, сот отырысына қатысушылар болып табылмайтын тұлғалар, сондай-ақ БАҚ өкілдері өз жабдықтарымен бірге сот отырысы залынан шығып, кейін қайта кіруі үшін сот әр жолы үзіліс жариялауға мәжбүр болады. Бұл сот отырысына қатысушылардың назарын аударып, көп уақыт алады», – деді.

Сондықтан БАҚ өкілдеріне сот процесін сот ғимаратының баспасөз орталығынан бақылау ұсынылды. Алайда сот залында Перизат Кайратты, оның анасын, адвокатты суретке түсіруге, камераға жазуға немесе тікелей эфир жасауға тыйым салынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: