Сейсенбі, 15 шiлде, 18:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52,2165
15.07.2025
PDF мұрағаты

Перизат Қайрат сотта өз кінәсін мойындамады

15.07.2025

89 0

Ақша жымқырды және алаяқтық жасады деп айыпталған қоғам белсендісі Перизат Қайрат сотта өз кінәсін мойындамады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Прокурорлар Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты айыптау актісін оқып шыққаннан кейін, судья Сабыржан Кәрімов айыпталушылардан айыптаумен келісетін-келіспейтінін сұрады.

«Мен айыптау актісімен келіспеймін (…) Дәлелдер негізсіз. Тергеудің фантазиясы үшін жауапкершілікті алмаймын. Мен айыпты мойындамаймын. Кейінірек барлық дерекпен өзімді қорғаймын», – деп жауап берді Перизат Қайрат.

Анасы да айыптаумен келіспейтінін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: