Жұма, 11 шiлде, 00:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50,2163
09.07.2025
PDF мұрағаты

Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы қалай өтетіні белгілі болды

10.07.2025

86 0

Сот Перизат Қайрат пен оның анасының сот тергеуін БАҚ-ты қатыстырмай өткізу туралы өтінішіне қатысты шешімін жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов шешімді жария етті.

«Қайраттың алдын ала тыңдаудағы өтініші қаралды (…) Сот сот процесін жабық түрде өткізу туралы өтінішті ішінара қанағаттандыру туралы қаулы шығарды. Сот отырысы 2025 жылдың 14 шілдесіне, сағат 10:00-ге белгіленді», – деді судья.

Еске салайық, 9 шілдеде таңертең Астана сотында Перизат Қайратқа қатысты алдын ала тыңдау өтті. Оған азаматтар мен ұйымдардан 3 миллиард теңгеден астам қаржыны қайырымдылық көмек көрсету сылтауымен жымқырды деген айып тағылған. Айыпталушылар сот процесіне БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсы болып, сот отырысын фото және видеоға түсіруге рұқсат бермеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: