SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Biz birgemiz» қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайратқа тиесілі мүлік сот шешімі негізінде аукционға шығарылмақ. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.
«Бүгінге дейін ешқандай өзгеріс жоқ, жағдайды бақылап отырмыз. Апелляциялық шағым түскен жағдайда хабарлаймыз. Сот үкіміне сәйкес, сот орындаушылары оның мүлкін аукцион арқылы сатуға шығарады. Түскен қаржы зардап шеккендердің шығынын өтеуге жұмсалады», – деді ол Сенаттағы жалпы отырыстан кейін журналистердің сұрағына жауап беріп.
Елемесовтың айтуынша, қордың есепшотына түскен қаражатты тек Перизат Қайрат өзі басқарған, басқа тұлғалардың заңсыз әрекеті анықталмаған.
Еске салайық, биыл шілде айында Астана соты Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Оның анасы Ғайни Алашбаева да 7 жылға сотталған болатын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!