Сенбі, 23 қараша, 09:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Перзентханада жүкті әйел өзіне қол жұмсады

16.04.2024

661 0

Сурет:massaget.kz

33 жастағы жүкті әйел Тараз қаласының перзентханасының жуынатын бөлмесінде асылып қалған, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Жамбыл облыстық перинаталдық орталықтың мәліметінше, әйел алдамшы толғаққа байланысты бақылауда болған және қажетті ем-дом шараларын қабылдап жатқан. Ауруханада жатқан уақытта оның ешқандай психологиялық ауытқуы байқалмаған.

Қайғылы жағдайға байланысты полиция департаменті тергеу шараларын бастады.

«Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу шаралары ҚР ҚК 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша жүргізіледі», – делінген полиция хабарламасында.

Әйелдің үш баласы және күйеуі бар, үлкені алты жаста, қалған екеуі балабақшаға барады екен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: