Сәрсенбі, 22 қазан, 12:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Петицияға тыйым: электрсамокат дауы ушығып барады

22.10.2025

50 0

Фото: freepik.com

8 қыркүйекте epetition.kz порталында Қазақстанда самокаттарды жалға беруге тыйым салуды талап еткен петиция тіркелді. Алайда ол мемлекеттік органдардың модерациясынан өтпей, жариялауға рұқсат етілмеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Петицияда не талап етілді

Петиция авторы бастамада самокаттарды жалға беру ережелерін қатаңдатуды сұрап, Ішкі істер министрлігін өтінішін жолдады. Атап айтқанда, ол:

Қалаларда самокаттардың жылдамдығын сағатына 6–8 шақырыммен шектеуді;

Компанияларға самокаттарды тек арнайы белгіленген орындарда ғана жалға беруді міндеттеуді;

Самокат мінушілерге бақылауды күшейтуді – камера орнату, GPS арқылы қадағалау және ережебұзушылардың самокаттарын бұғаттау шараларын енгізуді сұрады.

Бұған балама ретінде ол Қазақстанда жалға берілетін самокаттарға мүлде тыйым салуды ұсынған.

Петиция қысқа уақытта 50 дауыс жинап, мемлекеттік органдардың қарауына жіберілген. Алайда ол модерациядан өтпей, жариялануға жіберілмеді.

Петиция не себепті қабылданбады?

Мәдениет және ақпарат министрлігі петцияның не себепті қабылданбағанын айтты.

Министрлік өкілдері epetition.kz порталындағы барлық петиция заңға сәйкес тексерілетінін айтты. Петиция жариялануы үшін келесі талаптарға сай болуы тиіс:

Петицияға кемінде 50 қазақстандық қосылуы керек бұл талап орындалған;

Петиция мазмұны Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 90-2-бабының 2 және 3-тармақтарында (Петицияны беру тәртібі) көрсетілген талаптарға сай болуы қажет;

Сол тақырыптағы басқа петиция порталға сол сәтте тіркелмеуі тиіс.


Душанбеде 2030 жылға дейін электрсамокаттар мен электрскутерлер қозғалысына тыйым салынды


Алматыда электрсамокатты жалға беретін кикшеринг компанияларға ешқандай айыппұл салынбаған


Қазақстанда электрсамокат ережелерін бұзған жағдайда қанша айыппұл салынады


«Осыған байланысты электросамокаттарды жалға беруге тыйым салу жөніндегі петиция модерация барысында аталған заң талаптарына сәйкес келмейтіні анықталып, қайта қарауға қайтарылды», – делінген хабарламада.

Министрлік нақты қандай талаптың бұзылғанын көрсетпеді. Десе де порталда электрсамокат тақырыбында тағы екі петиция барынн айтты.

«Сонымен қатар, заң талаптарына сай келмеген барлық петиция авторлардың жеке кабинетінде “Орындау тарихы” бөлімінде қолжетімді», – делінген хабарламада. 

Ал Ішкі істер министрлігінің пікірінше, бүгінде Қазақстан бойынша 35 мың электрсамокат пайдаланылып жүр. Соңғы екі жылда полиция:

34 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтаған;

16 мыңнан астам самокатты айыптұраққа жіберген;

288 ата-ананы – балалардың самокатты жалпы жолдарда басқаруына жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Ішкі істер министрлігі самокаттармен байланысты құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғалары көбейгенін айтып, самокатпен тротуарда жүруге тыйым салу идеясын қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар министрлік келесі шараларды ұсынады:

Веложолдар желісін дамыту;

Кикшеринг компанияларына самокаттардың техникалық жағдайын бақылауды міндеттеу;

Жылдамдықты шектеу;

Самокаттарды жаяу жүргіншілер мен көліктерге кедергі келтіретін жерлерден алып тастау.

Ішкі істер министрлігі өкілдерінің пікірінше, әкімдіктер самокаттарды пайдалану ережелерін бекітіп, тиісті инфрақұрылымды дамытуы қажет.

«Электрсамокаттарды ретсіз пайдалану мәселесі ең алдымен жол инфрақұрылымының жеткіліксіздігімен байланысты. Соның ішінде арнайы веложолдар мен тұрақ аймақтарының болмауы негізгі себеп болып отыр», – делінген хабарламада.

Сонымен бірге Ішкі істер министрлігі электросамокаттарға қатысты жаңа жол жүру ережелеріне өзгерістер енгізу әзірге жоспарланбайтынын айтты. Сондай-ақ бұған дейін қабылданған түзетулердің күшінде қалатынын айтты. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: