Жаңа жыл мерекесі қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Қауіпсіздік талаптарының бұзылуы адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіріп, өрт пен жазатайым жағдайларға себеп болуы мүмкін.
2025 жылғы 5 желтоқсан – 2026 жылғы 3 қаңтар аралығында қала аумағында «Пиротехника» профилактикалық іс-шарасы өтуде. Тексеру барысында 11хаттама жүргізілді және 108 сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдар анықталып, тәркіленді.
Балаларға пиротехниканы өздігінен қолдануға рұқсат бермеу, нұсқаулықты қатаң сақтау және тек рұқсат етілген өнімдерді ғана пайдалану туралы қала тұрғындарына ескертіледі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
