Сәрсенбі, 02 шiлде, 02:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48,2161
01.07.2025
PDF мұрағаты

Пластикалық терезе жасайтын кәсіпорында 30 жазасын өтеуші азамат еңбек етуде

01.07.2025

51 0

Жақында ғана ашылса да сұранысқа ие кәсіпорындардың бірі болды. Осы кәсіпорында еңбек етушілердің бірі Н. есімді жазасын өтеуші азамат. Жұмыс беруші кәсіпкердің сөзінше бұл еңбек етуші бастапқыда басқа әріптестеріне көмекші ретінде көмектесіп жүрген. Уақыт өте бұл іске деген қызығушылығы артып, барлығын тез-ақ меңгеріп алған екен. Нәтижесін көргендіктен болар, жазасын өтеп шыққаннан соң бұл ісін әрі қарай жалғастыру ойында барын жеткізді.

«Сотталғандар бостандыққа шыққан соң табыс көзін іздейтіні анық. Демек оларды жұмысқа тарту мәселесіне бүгіннен бастап көңіл аударғанымыз дұрыс. Осы мәселені шешуге бір ықпалым тисін деп, осы мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтарды жұмыспен қамтудамын. Кәсібім қазіргі таңда көңіл қуантарлық нәтижеге ие. Алдағы уақыта тұтынушы талабына сай еңбек етушілер санын көбейту жоспарда бар», – деді өз сөзінде кәсіпкер Әбсадықов Мадияр Сүлейменұлы.

– Біздің түзеу мекемеде еңбек етіп жүрген азаматтардың барлық құқықтары қорғалған. Оларға жалақы төленеді. Зейнетақы қорына ақшалары аударылады. Өндірістік жарақат ала қалған жағдайда да көмек көрсетіледі. Сотталғандардың жұмыспен қамтылуы олардың пайдасына шешіліп, тек жақсылыққа бастайды, – дейді мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы әділет майоры Абдреймова Айдана.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: