Алматыда жасөспірімге азғындық әрекет жасамақ болған шекара бөлімінің лауазымды қызметкері ұсталды. Ұсталған подполковник жайлы Алматы полициясы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлады Azattyq Ruhy
Хабарламада Алматы қаласы Жетісу ауданының ПБ №28-74 шекара бөлімінің подполковнигі Нұрқадам Керімқұловтың педофилияға қатысы бар деген күдікпен ұсталғаны айтылған.
«Бұл дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Объективті мән-жайлар анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы полиция департаменті өкілдері.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!