Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 05:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Пойыз астына түсіп кеткен жұмысшы қаза тапты

16.01.2024

661 0

Сурет: massaget.kz

Жазатайым оқиға 15 қаңтарда «Шұбаркөл Көмір» АҚ ішкі теміржол желісінде болған. Бағыттау бекетінің кезекшісі беймәлім жағдайда пойыз астына түсіп, қаза тапты. Оқиға Қарағанды облысында орын алды – деп хабарлайды Massaget.kz

Компанияның баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, кәсіпорынның ішкі теміржол желісінде қызметкер қаза тапқан. Жұмыс кезінде бағыттау бекетінің кезекшісі бос вагондардың астына түсіп кеткен.

«Болған оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу басталды. «Шұбаркөл Көмір» ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтады және қажетті көмек көрсетеді», – деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі өкілдері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: