ҚТЖ жеке кассада билеттерді заңсыз қайта сату деректерін анықтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан темір жолына» жолаушылардан бірнеше рет шағым түскен. Олар билеттерді заңсыз қайта сату деректері туралы айтқан.
«Алматы-1 теміржол вокзалындағы билеттерді алыпсатарлармен күрес аясында, ҚТЖ қызметкерлері жұртшылық пен БАҚ-ты тарта отырып, тергеу жүргізді. Ол билеттерді заңсыз қайта сату және теміржол билеттерінің жасанды тапшылығын жасау деректерін анықтады. Билеттерді қайта сату схемасына жеке касса қызметкерлері мен олардың делдалдары қатысқан», – деді баспасөз қызметі.
Тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілген.
«Вокзал бастығы А. Б. (ҚТЖ-дан – еск.) тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне лауазымынан шеттетілді, оның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралады. Жеке кассаның жұмысы тоқтатылды. Осындай тексерулер еліміздің барлық вокзалдарында жүргізіледі», – деп толықтырды баспасөз қызметі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!