Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкері суға батып бара жатқан әкесі мен баласын құтқарып қалды. Оқиға Новоишимское ауылындағы жағажайда болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тәртіп сақшысы бұл кезде еңбек демалысында жүрген екен. Полиция майоры Ерлан Қазиев жағажайда көмек сұраған дауысты естіген. Дереу әрекет еткен ол алдымен мектеп жасындағы баланы судан алып шыққан, кейін орта жастағы ер адамның жағаға жетуіне көмектескен.
Ерлан Қазиев Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінде орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының аға инспекторы болып қызмет атқарады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!