Дүйсенбі, 22 шiлде, 17:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Полицейлер қазақтың ұлттық ойындарынан сайыс ұйымдастырды

29.04.2024

1248 0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен облыс оқушылары арасында қазақ ұлттық ойындары өткізілді. Іс-шараға 600-ден астам бала қатысты.
Қатысушылар: «қол күрес», «бұқа тартыс», «ләнгі тебу», «асық», «батпан көтеру», «бес асық», «қыз қуу», «шоқпарласу» қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Жарыстарға жоғары сынып оқушылары қатыстырылып, ойындардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар аталды.
«Қол күрес», «бұқа тартыс», «ләнгі тебу», «асық», «батпан көтеру», «бес асық», «қыз қуу», «шоқпарласу» ойындарының жеңімпаздары болып: Жалмырзаева Ақбота. Сауренов Ералқан (Арал ауданы №57 орта мектеп), Шоқан Нұрдәулет (Қазалы ауданы №88 орта мектеп), Қайбалдиев Бакытжан (Қармақшы ауданы №277 мектеп-лицей), Тиыштықпай Аяулым (Жалағаш ауданы №201 мектеп-лицей), Қожанбай Рамазан (Сырдария ауданы №135 орта мектеп), Аманғали Тұрсынғали (Шиелі ауданы №50 орта мектеп), Оразбай Жангелді (Жаңақорған ауданы №166 орта мектеп) танылды.
Барлық қатысушылар осындай жарыстарға жиі қатысуға ниет білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: