Сенбі, 22 ақпан, 22:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14,2127
22.02.2025
PDF мұрағаты

Полицейлер қызметтік көліктен домбыраның бейнесін жасады

07.07.2024

562 0

ШҚО полициясы Ұлттық домбыра күніне орай қызметтік көліктерден домбыраның бейнесін жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Мереке қарсаңында облыстық Полиция департаментінің шеру алаңында 20-ға жуық қызметтік автокөлік ұлттық аспап түрінде орналасты.

Суретті толықтырған музыканттар әйгілі композитор Құрманғазының күйін орындады. 

«Қасиетті домбыра әрқашан ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды. Бұл – ғасырлар тарихын бейнелейтін бойтұмарымыз. Оның үні жаңа жетістіктерге дем беріп, Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуіне үлес қоса берсін», – деді ШҚО ПД бастығы генерал-майор Ерлан Омарбеков.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: