Сәрсенбі, 18 маусым, 22:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

Полиция күні – ерлік пен адалдықты дәріптейтін мереке

18.06.2025

69 0

23 маусым – еліміздегі құқық қорғау саласында еңбек етіп жүрген тәртіп сақшылары үшін айрықша маңызы бар күн. 1992 жылы дәл осы күні «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылданып, 2007 жылы бұл күн ресми түрде Полиция күні болып бекітілді. Мереке қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Оралбек Омаров бұл күннің маңызына тоқталып, ол – ел тыныштығын күзеткен тәртіп сақшыларына алғыс білдіретін әрі ерлікпен қаза тапқан әріптестерді еске алатын тағылымды күн екенін атап өтті.

– 23 маусым – ел ішіндегі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп жүрген барлық полиция қызметкерлері үшін айрықша маңызы бар күн. Бұл – халықтың тыныштығын күзетіп, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жанқиярлықпен қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшыларына алғыс пен құрмет білдіретін күн. Сонымен қатар, бұл – қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әріптестерімізді еске алатын тағылымды, қастерлі күн. Олардың ерліктері мен есімдері жадымызда мәңгі сақталады. Болашақ ұрпақ үшін бұл – нағыз ерлік пен Отанға адалдықтың үлгісі. Бүгінде өңірімізде ардагерлер ұйымына тіркелген 2 500-ден астам зейнеткер бар. Ал қызмет бабында ер-азаматтармен қатар 274 әйел маман да қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі жолында қажырлы еңбек етіп келеді. Бұл – ерекше жауапкершілікті қажет ететін салада кәсібіне адал жандардың қатарын көрсетеді. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жұртқа жақын полиция» тұжырымдамасы аясында құқық қорғау жүйесінде халықпен ашық әрі сенімді байланыс орнатуға бағытталған реформалар жүргізілуде. Полиция қызметі – күнмен емес, ел алдындағы адалдықпен өлшенетін абыройлы міндет. Қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіптің сақшысы ретінде сіздердің еңбектеріңіз әрдайым ел алдында биік бағаланады. Қиындығы мен жауапкершілігі мол осы салада табандылықпен еңбек етіп жүрген баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасылық амандық және қызметтік табыс тілеймін, – деді, Оралбек Тәубәқабылұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: